Ресми

Қаңтар оқиғасы: қаза болған 67 адам шабуылшы деп танылды

Бас прокурор қайғылы қаңтарда қанша адам қаза тапқанын айтты. Бас прокурор қақтығыстар кезінде, шабуыл кезінде, төтенше жағдай режимі мен лаңкестікке қарсы операция кезінде барлығы 238 азамат қаза тапқанын айтты. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған.

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қаза болғандар туралы деректер нақты, тергеу аясында барлығы қайта тексерілді. Оның 67-сі шабуыл жасаушы деп танылды, яғни, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікке ілінді, 142-сі төтенше жағдай режимін және лаңкестікке қарсы операцияны бұзушы, 4-і басқа қылмыстарды жасау кезінде қайтыс болды, деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, қаза болғандардың ең көп саны Алматыда 151 адам. Көпшілігі Президент резиденциясына шабуыл кезінде қайтыс болған.

Қызылордада (26), Шымкентте (20) және Таразда (17) болған.

Басқа материалдар

Back to top button