Жаңалықтар

Ақтаңгері еді Арқа ақпаратының…

Қыркүйектің бүгінгі жексенбісі қалалықтар үшін жайсыз хабармен басталды. Қарымды қаламгер, ақын, қоғам қайраткері Базарбай Әлеухан бақилыққа аттаныпты. Сәлеміміз түзу, іні-­досым еді…

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Азамат ек орғанына семірген,
Дос-жаранмен тауы биік көрінген.
Суық хабар тарап жатыр сумаңдап,
Базарбай да баз кешті деп өмірден…

Жанам деген жастарға айтып ақылын,
Жүйріктерге қысушы еді тақымын.
Ақын еді қалам алса қолына,
Ақтаңгері еді Арқа ақпаратының.

Інілерге ардақтысы еді ағаның,
Төрге оздырған елге келген қонағын.
Ойланбастан тигізуші еді ондыққа,
Сатираның тартқан кезде садағын.

Сырбаздардың, жайсаңдардың сырласы еді,
Қаламыздың қадірлі бір тұлғасы еді.
Ширек ғасыр көрген қызық-шыжығын,
«Дидарымен»* Базкең түйдей құрдас еді…

*Дидар – Жезқазған қалалық ­теле­­­видениесі.

Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ,
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ЖЕЗҚАЗҒАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button