Бас тақырыпЖаңалықтар

АҚШ-қа көшіп, сонда жұмыс істегісі келетіндер енді алтын карта сатып алуы тиіс

Ақ үй басшысы Дональд Трамп енді Америкаға көшіп, сонда жұмыс істегісі келетіндер құны 5 млн доллар тұратын алтын карта сатып алуы тиіс екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды ortalyq.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Сурет: russian.rt.com

Оның айтуынша, бұл карта Америка азаматтығын алуға жол ашады. Осылайша, бұған дейін қолданыста болған инвесторларға арналған көші-қон бағдарламасын осы алтын карта ауыстырады. Бастама екі аптадан кейін қолданысқа енгізіледі.

Біз өте тиімді бастаманы қолға алып жатырмыз. Қолыңыздағы грин-картаны енді қосымша ақы төлеп, алтын картаға ауыстыра аласыз. Бұл картаның жасылдан артықшылығы, ол Американың азаматтығын алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ауқатты адамдар осыны сатып алып, біздің елде емін-еркін жүре алады. Сәтті жоба болады деп үміттенемін,- деді Дональд Трамп.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button