Ресми

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған. 

2005-2006 жылдары — Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.

2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен. 

2008-2012 жылдары — бас кеңесші; Премьер-министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.

2012-2016 жылдары — Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары —  Парламент Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі. 

2019-2020 жылдары — «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2020-2022 жылдары — «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары. 

2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button