Жаңалықтар

Ақпарат алу жолдары талқыланды

Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің өкілдері «Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ведомстволық мониторинг және бақылау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Онда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі өкілетті тұлғаның жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Семинарға Қарағанды облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.

Министрлік мамандары өкілетті тұлғаның міндеттері мен функцияларын түсіндірді, сондай-ақ оның жұмысы бойынша нақты практикалық ұсыныстар берді.

Өкілетті тұлғаның негізгі міндеті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және үйлестіруді іске асыру болып табылады.

Айта кетейік, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі өкілетті тұлғаны немесе бөлімшені айқындау жөніндегі жұмыс Мемлекет басшысы 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде барлық мемлекеттік органдарда жүргізілуде.

Сөз соңында қатысушылар осы тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Басқа материалдар

Back to top button