Жаңалықтар

Ақ парақтай азамат еді

Ашық күнде аспаннан жәй түскендей есеңгіреп қалған жайымыз бар… Сәттібай Жүнісов дейтін тұлға ақ парақтай азамат еді. Көңілінде дақ жоқ. Өзі де біреудің көңіліне дақ салмады. Кездескенде жылқыдай шұрқырасып табысушы едік. Өзі жылқыны қалай көп жырласа, өзінің табиғаты да жылқыдай таза еді.

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Сәттібай өлеңді өте аз жазатын. Алдыңғы жылы Жазушылар одағы кітабы шықпаған ақындардың тізімін сұрап, сол тізімге қосқанымды айтқанда өлеңдері әлі кітапқа жетпейтінін айтқан. Мен бұған сенбеймін. Сәттібай Жүнісовте қаншама өлең бар. Тек өзі кірпияз. Елегі мықты. Өзінің елегінен өткен өлеңді ғана жарыққа шығарды-ау деп білемін. Бұл да болса Сәттібайдың поэзияға адалдығы мен махаббатынан. Кірпияздығынан. Ал жарыққа шыққан өлеңдері қазақ поэзиясының жетістігі деп еш ойланбастан айтуға болады.

Қарағандының руханияты қара жамылды. Былтыр аяулы әнші Сейіл Аяғанды арамыздан жұлып әкеткен қаңтар биыл Сәттібайдан айырды. Тағдырға тәбділ жоқ. Өз өлеңіндегі шабандоз баладай құйғытып өте шықты өмірден.

Алды жарық болғай. Алла панасына алсын! Марқұмның ет жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Бақұл бол, Сәттібай!

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері:
Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ,
Төрехан МАЙБАС,
Серік САҒЫНТАЙ,
Руслан НҰРБАЙ,
Қайрат АСҚАР,
Ілияс МҰҚАЙ,
Жәлел ҚУАНДЫҚҰЛЫ,
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Әділет ШОПЕН,
Ерік НАРЫН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button