Бас тақырып
Ақмарал Науатбек Әлем кубогында топ жарды
Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында қазақстандық пара дзюдошы Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді.
Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі – есімі алтын түстес жазумен жазылған кимоно киіп өнер көрсеткен алғашқы жарысы болды.
Еске сала кетейік, пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж паралимпиадасында алтын медаль алып, пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған болатын.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.