Бас тақырыпЖаңалықтар

Ақ халатты абзал жандарға – шексіз алғыс пен құрмет!

Сурет zdorovayarossia.ru

Құрметті медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн ерекше мағынаға ие, себебі ол – өз еңбегін адам денсаулығы мен өмірін сақтауға арнаған жандарға арналған. Медицина – жай ғана кәсіп емес, бұл – шын мәніндегі өмірлік миссия, күнделікті ерлік пен жанашырлықтың көрінісі. Сіздердің еңбектеріңіз терең білім мен мол тәжірибені ғана емес, сонымен қатар шексіз мейірім мен сабырлылықты, жан дүниенің кеңдігін талап етеді.

Сіздер күн сайын өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, үміт пен саулық сыйлайсыздар, қиын сәтте қолдау көрсетіп, адамдарға өмірдің жарқын сәттерін қайтарасыздар. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жанашырлықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында мыңдаған жан сауығып, өмірге қайта оралуда. Сіздерге деген құрмет пен алғыс шексіз!

Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Сіздердің өмір жолдарыңыз – адамға қызмет етудің жарқын үлгісі. Сіздер Қарағанды облысындағы қазіргі медицинаның негізін қалап, өз тәжірибелеріңізбен, даналықтарыңызбен жас мамандарға бағыт-бағдар беріп келесіздер.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, отбасы амандығын, мол бақыт пен кәсіби табыстар тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым сұранысқа ие болып, қоғамда лайықты бағаланып, сіздерге қуаныш пен мақтаныш сыйласын!

Ермағанбет Бөлекпаев,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button