Жаңалықтар

Ақбөкен мүйіздерін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын заңсыз өткізу мақсатында аңшылықпен айналысқан үш адамнан тұратын браконьерлік топты ұстады. 

Сурет ЖИ

Құқық қорғаушылар күдіктілерден жалпы салмағы шамамен 400 келі шамасындағы 1 127 ақбөкен мүйізін, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтықты тәркілеп алды.

Тексеру барысында анықталған екінші топ өткен жылдың 24 желтоқсанда Павлодар облысында Ресей Федерациясы шекарасы маңында ұсталды. Олардың құрамында бір шетел азаматы болған. Бұл топ қару мен дайындалған жасырын орынға алдын-ала жасырылған шамамен 1 882 ақбөкен мүйізін заңсыз тасымалдамақ болған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button