Жаңалықтар

Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған концерт өтеді

29 мамыр күні сағат 18.30-да “Шалқыма” концерт залында өтетін әнші-композитор, ақын Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай “Маңмаңгер” атты ән және музыка кеші өтеді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жақсыкелді Кемалов пен Дәуренбек Әркенов, “Құрмет” орденінің иегері Сержан Мұсайын, халықаралық конкурстардың лауреаты Дулат Аханов, республикалық конкурстардың лауреаттары Құрмаш Ыбышев, Ержан Базарбеков, Медет Осатаев және жас орындаушылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі мен “Аққу” би ансамблі және т.б. өнерін тамашалай аласыздар.

Ақан сері Қорамсаұлының “Сырымбет”, “Алтыбасар”, “Көкшетаудың биігі”, “Балқадиша”, “Майда қоңыр”, “Әудем жер”, “Маңмаңгер” және т. б. әндері шырқалады.

Билеттерді “Шалқыма” к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.          

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button