Жаңалықтар

Аққалалар аллеясы

Кейінгі жылдары Саран шаһары құлпырып келеді. Қала тұрғындарының белсенділігі мен ұйымшылдығы сырт көзге сүйсінерліктей. Жуырда шаһар орталығында өткен «Үздік аққала» байқауы сөзімізге дәлел. Байқауға 250-ге жуық адам қатысқан. Сайыстан соң қаладағы «Сұңқар» стадионында 80 көңілді қар адамынан тұратын тұтас аллея пайда болған.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Қалада алғаш рет өтіп отыр­ған байқау Саранның 70 жылдығына арналыпты.

Атап айтсақ, байқауда №2 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ерекше белсенділік танытқан. Олар 10 аққала соғыпты. Мектептен 15 жоғары сынып оқушысы мен педагогтер бір үйдің баласындай жұмыла аққала жасапты.

– Заманауи технологиялар дәуірінде көптеген адам аққаланы қалай мүсіндеу керектігін білмейді. Бұл – өте қызықты және денсаулыққа пайдалы дүние. Біз бірлесіп әрі көңілді жұмыс істедік. Әр аққала ерекше және әдемі шықты. Мұғалімдермен бірлескен жұмыс біздің шығармашылыққа ынталандырды. Ұй­ымдастырушыларға алғыс айтамыз. Қаламыздың әдемі болуы мен өсіп-өркендеуі үшін еңбек ете береміз, – деп атап өтті №2 жалпы білім беретін мектеп парламентінің президенті Егор Башта мен «Жас ұлан» мектеп комитетінің жетекшісі Лазиз Авазхонов.

Шындығында, әр мезгілдің өз қызығы болатынын ескеріп, ұйымдастырушылар алғашқысы сәтті өткен бастаманы жалғастыруды көздейтіндерін жеткізді.

Өз тілшімізден
САРАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button