Жаңалықтар

Аға ұрпақ – қоғамның қозғаушы күші

Елімізде соғыс және еңбек ардагерлері қоғам өміріне қатысты айтулы оқиғалардан, жастарға адамгершілік және рухани тәрбие беру ісінен қалыс қалмай келеді. Негізі 1987 жылы қаланған ардагерлер бірлестігі зейнеткерлік жастағы қариялардың көптеген өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Бүгінде аға ұрпақ өкілдері – қоғамның қозғаушы күші болып отырғаны сөзсіз. Жақында Nur Otan партиясы облыстық филиалы ғимаратында облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

Онда өткен бес жылдан астам мерзімде атқарылған істер баяндалып, алдағы межелер белгіленді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин есепті баяндама жасады. Бас қосу заман талабына сай онлайн режимде өткізілді. Барлық калалар мен селолық аудандар делегаттары ақаулары бар болса да заманауи байланысқа қосылды. БАҚ өкілдеріне таратылған баспасөз парақшасында кеңестің есеп беріп отырған кезеңде атқарған жұмысының негізгі дегендері көрініс тапқан екен, солардың кейбірін атап өтсек. Бүгінде облыста 200 мыңнан астам зейнеткерлер тұрады, соның ішінде 38-і соғыс ардагерлері мен мүгедектері, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің саны 6467 адам (тиісінше 2016 жылы ҰОС қатысушылары – 213, тыл ардагерлері – 13740, 12-сі Ленинград блокадасында болғандар).

Есеп беріліп отырған мерзімде облыстық кеңестің 5 пленум отырысы өтіп, оларда республика ардагерлері VII съезі шешімдерін жүзеге асыру барысы жөнінде, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын лайықты қарсы алу және мерекелеу жөніндегі міндеттер және т.б. маңызды мәселелер талқыға түсті. Есепті кезеңде 26 төралқа отырысы өтті, оларда барлығы 500-дей мәселе қаралды. Төралқада мынадай мәселелерге ерекше назар аударылды: ардагерлер ұйымдарының, қалалық, аудандық кеңестерінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және оларды насихаттау; барлық санаттағы ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың әдіс-тәсілдерін жетілдіру; Орталық кеңестің, облыстық ардагерлер кеңесінің байқау-конкурстарын өткізуді ұйымдастыру және қорытындыларын шығару; қарт адамдардың бос уақытын тиімді (мәдени және басқа да шаралар) ұйымдастыру. Бастауыш ардагерлер ұйымдары және қалалық, аудандық кеңестері арасында «Үздік қоғамдық музей» байқау-конкурстары өткізілді; қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері арасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі ең үздік жұмыстардың байқау-конкурсы ұйымдастырылды; облыстық білім беру басқармасымен бірге 4 жыл бойы (2020-2021 жылдарды қоспағанда) ЖОО студенттері, колледж, мектеп оқушылары арасында «Дала поштасы» конкурсы өткізілді; облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен жыл сайын облыста «Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының дәстүрлі фестивалі өткізіліп тұрды; «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау барысында қоғамдық музейлер арасында конкурс-байқаулар жарияланды. 2018 жылы Абай ауданында қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері төрағаларының қатысуымен ұйымдастырылған көшпелі семинар-кеңесті озық тәжірибе алмасу мектебі десе де болады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым»-«Поклонение героизму» атты үздік шығармалар байқауы жастар арасында үлкен ынта тудырғанын атап өту керек. Байқауға 300-ден астам оқушылар қатысты. Сондай-ақ, Халықаралық қарттар күнінің құрметіне облыс орталығында ұйымдастырылған «Ұрпақтар байланысы» атты ардагерлер мен жастар форумының да ықпалы зор болды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру кезінде мемориалдық кешендерді, ескерткіштерді, саябақтарды жөндеу, оларды қалпына келтіруге және жаңартуға байланысты айтулы жұмыстар жүргізілді. Облыс аймағында 150-ден астам мемориалдық нысандары тіркелген, олардың 12-сі жаңадан жасалған. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі ғимаратының жанында Кеңес Одағының Батыры М.Мамыраевтың ескерткіші орнатылды, Ақтоғай ауданында Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановтың ескерткіші бой көтерді.

Облыстық ардагерлер кеңесі жеңіл атлетика манежіне Қазыбек Нұржанов есімінің берілуіне бастамашы болды. Ардагерлер Ардагерлер ұйымдарында Елімізде соғыс және еңбек ардагерлері қоғам өміріне қатысты айтулы оқиғалардан, жастарға адамгершілік және рухани тәрбие беру ісінен қалыс қалмай келеді. Негізі 1987 жылы қаланған ардагерлер бірлестігі зейнеткерлік жастағы қариялардың көптеген өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Бүгінде аға ұрпақ өкілдері – қоғамның қозғаушы күші болып отырғаны сөзсіз. Жақында Nur Otan партиясы облыстық филиалы ғимаратында облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. кеңесі, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» кешенінде бұрынғы Жезқазған облысы аумағынан Кеңес Одағының Батыры атағын алған жауынгер-жерлестеріміздің құрметіне қосымша 14 мемориалдық тақта орнатуға, Қарағанды қаласының бір көшесіне үш дәрежелі Даңқ орденінің иегері Камали Дүйсембековтің есімін беруге мұрындық болды

Облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған «В строю, как прежде», Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында майданда және тылда ерлік көрсеткен қарағандылық жауынгерлер Әбдіғали Исиннің, Орманбет Жаманқұловтың, Медет Аманжоловтың, танк командирі Аманжол Бұхарбаев пен взвод командирі Алшынбай Тасболатовтың тағдырларына арналған арнайы кітапшалар шығарылды. Сондай-ақ, бастауыш ұйымдар мен қалалық, аудандық кеңестерге әдістемелік көмек ретінде «Ерлікке тағзым» – «Поклонение героизму» үздік шығармалар жөнінде аудандық, қалалық және облыстық байқаулары; Абай ауданында қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері төрағаларының қатысуымен өткен көшпелі семинар-кеңес туралы кітапшалар жарық көрді. Облыстық кеңес қалалық және аудандық кеңестердің жұмысына назар аударып, басшылыққа ұйымдастыру жұмысында мол тәжірибе жинаған, іскер зейнеткерлерді тарту бағытын ұстанып отыр. Осыған орай, өткен мерзімде аймақтағы барлық 20 қалалық-аудандық кеңестің 13 жетекшісі жаңартылды. Жергілікті билік органдарымен бірге олардың жұмыс жағдайын жақсартуға жіті көңіл бөлініп отырды. Ақтоғай, Жаңаарқа және Нұра аудандарының ардагерлер үйлерінде, Теміртау қалалық және Ұлытау аудандық кеңестерінің ардагерлер клубтарында үнемі айтулы іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жезқазған, Осакаров, Ұлытау аудандарында ардагерлер кеңестеріне жұмыс жүргізу үшін жаңадан бөлмелер берілді. Ардагерлерге материалдық және моральдық жағынан сый-сияпат көрсетіліп тұрады. Есеп беріп отырған кезеңде мемлекеттік сатып алу конкурсынан ұтып алған және облкеңестің қайырымдылық қоры есебінен жоғарыда аталған байқау-конкурстардың, әртүрлі жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау, 8 наурыз, Жеңіс күні, Қарттар күні ардагерлерге қайырымдылық жәрдем көрсету және соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің мерейтойларына байланысты құрмет көрсету үшін 11,3 млн. теңге қаржы жұмсалды. Жарыссөзге Қарағанды, Балқаш қалалық, Ақтоғай, Қарағанды қ., Октябрь аудандық кеңестерінің төрағалары Ғ.Тұяқов, Т.Жұманов, С.Сыздықов, М.Аймағамбетов, энергетиктер ардагерлер ұйымының төрағасы В.Литвинов, еңбек ардагерлері С.Дүйсебеков, А.Лалэко қатысты. Делегаттар ардагерлер ұйымының жұмысын жандандыруға қатысты құнды ұсыныс-пікірлер айтып, кеңестің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Конференция қалалық, аудандық ұйымдардың түрлі дәрежедегі бас қосуларында көптен көтеріліп келе жатқан ҚР «Ардагерлер туралы» заңына өзгерістер енгізу қажет деп тапты. Сол жөнінде Орталық ардагерлер кеңесіне, алдағы ардагерлер съезіне ұсыныстармен шығатын болды. Мәселен, облыстық ардагерлер кеңесінің ҚР Парламенті Сенатына, Мәжілісіне, Орталық кеңеске бірнеше ауызша және жазбаша өтініштеріне қарамастан, заңның 7-бабы еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан мыңдаған зейнеткерлерді «Еңбек ардагері» атағынан айырады. Сондай-ақ, өздерін «Соғыс перзенттері» деп айтуға құқығы бар ұрпақтардың мәртебесін белгілеп, материалдық жағдайын жақсартуға жеңілдік беруді, тыл еңбеккерлерін соғыс ардагерлеріне теңестіруді, оларға арнаулы жәрдем тағайындауды, белгілі бір үлгідегі куәлік тапсыруды қарастыру қажет. Осы ұсыныстар конференция қабылдаған кеңейтілген қаулыға енді. Конференция кеңес пен тексеру комиссиясының жаңа құрамын, республика ардагерлерінің алдағы VІІІ съезіне делегаттар сайлады. Конференция аяқталған соң іле өткізілген ұйымдастыру пленумында кеңес төрағасы болып О.Төреғожин қайрадан сайланды. Оның орынбасары болып бұрын жауапты хатшы міндетін атқарып келген Ж.Томпиев, ал жауапты хатшысы болып қалалық кеңесте тәжірибе жинап келген осы жолдар авторы сайланды.

Аман ЖАНҒОЖИН, ардагер журналист, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button