Бас тақырыпРесми

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Бүгін Бейжіңде Қазақстан мен Қытай басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сурет: aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, мемлекеттік сапармен келуге шақырып, құрметпен қарсы алғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

– Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны – ерекше. Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру жолындағы мақсатымыз – ортақ. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайтуды көздейтін мұратымыз да – бір. Біз үшін Қытаймен мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button