Жаңалықтар

Президент құтқарушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қызметтік борышын атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық танытқан Төтенше жағдайлар саласының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірін сақтауға қосқан үлесі үшін берілді.

Суреттер Ақордадан

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев пен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Күлдіков марапатталды.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Данияр Анри мен Ақмола облысындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бөлімінің бастығы Алексей Цурканға берілді.

«Құрмет» орденімен Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының бас директоры Тимирлан Дзауров, Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары Ерік Есмаханов және Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Елена Нарзиева марапатталды.

«Ерлігі үшін» медаліне «Барыс» республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы Дархан Байдекенов, Қызылорда қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрсұлтан Жалғасов, Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушысы Дархан Рысбаев және «Бурундайавиа» әуе кемесінің командирі Александр Чеботкин ие болды.

Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі Қызылорда облысындағы «Оңталап» шаруа қожалығының директоры Әбдіхамит Аралбаев пен Абай облысындағы «Ағайынды» шаруа қожалығының директоры Жанат Ибрагимовке табысталды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button