Ернұр Сүлеймен – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы
Қазақстандық балуан Ернұр Сүлеймен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, жарыстың басты жүлдесіне қол жеткізді. Осылайша, Ернұр Сүлеймен қазақ күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.
Ернұр Сүлеймен бұған дейін де халықаралық және республикалық додаларда жоғары нәтижелер көрсеткен. Ол қазақ күресінен Қазақстан чемпионы атанып, 60 келі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген.

Сонымен қатар, балуан 2023 жылғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған. Ол Қазақстан Қарулы күштерінің атынан жарыстарға қатысып, қазақ күресінен халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүр.

Ернұр Сүлейменнің алтын медалі – ұлттық спорт түрлеріндегі Қазақстан құрамасының кезекті маңызды жетістігі.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



