Бас тақырыпКоронавирус

4 мамырдан бастап бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданады

4 мамырдан бастап Қарағанды облысында халыққа қызмет көрсететін бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданады.  Әйтсе де, бұл жеңілдіктер әзірге Теміртау қаласы үшін қолданылмайды. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты металлургтер шаһарында карантиннің ерекше режимі сақталады.  Бұл туралы Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді.

Қанат Асқаровтың айтуынша, шаштараздар, сұлулық салондары және стоматологиялық кабинеттер мен клиникалар алдын ала жазылу тәртібі бойынша жұмыс істей алады. Сондай-ақ, микроқаржы және сақтандыру ұйымдары, жарнама агенттіктері мен жылжымайтын мүлік компаниялары, баспаханалар, ломбардтар, жеке сот орындаушылары, заңгерлік және нотариалдық кеңселер де өз қызметіне қайта кіріседі. Бұдан бөлек,  ауданы 500 шаршы метрден аспайтын барлық азық-түлік емес дүкендері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл ұйымдардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң қамтамасыз етуі тиіс.

– 4 мамырдан бастап далада жеке спорттық сабақтар мен жаттығулар орындауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, 1 мамыр күні сағат 00:00-ден бастап санитарлық шараларды сақтай отырып, Қарағанды облысының барлық аумағында саяжай учаскелеріне шығуға болады, – деді Қанат Асқаров.

 

Басқа материалдар

Back to top button