Медицина

99-дағы қарияға ота жасалды

Қарағандылық хирургтар 99 жастағы Ұлы отан соғысының ардагеріне ота жасады. Ақсақал үй ішінде құлап, жамбасын сындырып алған. Күрделі сыныққа  шұғыл ота жасалды.

Науқас бірден Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Шағын инвазивті операция сол күні жасалды. Сынған сүйек «гамма-шегемен» – арнайы түйреуішпен немесе штифтпен біріктірілді. Бұл әдіс «гамма-шегелі остеосинтезімен бұғаттау» деп аталады және көбінесе қарттарға қолданылады. Операцияның жарақаты аз. Сол себепті де науқастар тезірек жазылып, қалыпты өмірге жылдамырақ араласады.
– Сынық күрделі болып саналады, ол жамбас сүйегінің проксимальды бөлігінде болды. Мұндай сынықтар көбінесе егде жастағы адамдарда кездеседі. Біз науқасты тексеріп, операцияға жібердік. Науқастың денсаулығы жақсы болды. Адамның жасы операцияның бұл түріне қарсы көрсетілім емес. Операция жақсы өтті. Жеті күннен кейін науқас үйіне шығарылды, – дейді аралас жарақат бөлімшесінің меңгерушісі Ғалымбек Сайлауұлы.
Науқастың ұлы Бауыржан Есжанның айтуынша, әкесі операциядан кейінгі күні палатаға ауыстырылыпты. Ол дәрігерлердің уақыт оздырмай, сапалы көмек көрсете білгенінен риза.

Жансая ОМАРБЕК.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button