ҚайырымдылықҚарағанды

Бөкетов университетінің студенттер қалашығында қайырымдылық акциясы өтті

Бөкетов университетінің студенттер қалашығында Қарағанды облысындағы «Жусан Банк» АҚ филиалының өкілдері қатысуымен қайырымдылық акциясы өтті. Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға 3 азық-түлік себеті мен азық-түлік салынған 172 қорап таратылды.

Бөкетов университеті
Суреттер университеттің баспасөз қызметінен

Игі іс-шарада сөз алған Қарағанды облысындағы «Жусан Банкі» АҚ филиалының басшысы, университетіміздің түлегі Қайрат Әлімқұлов білім адамды ақылды, күшті және мейірімді етеді дей келе, өзі басқарып отырған ұжым қайырымдылық шараларға қатысуды ұйғарғанын айтып кетті. Қайырымдылық – асыл қасиет екенін негізге ала отырып, ел болашағы жастарға қолдау таныту алдағы уақытта да банктің бір ұстанымы болып қалатынын жеткізді.

Алдыңғы оқу жылында банктің қолдауымен студенттер үйінің аумағына тал егілген болатын. Түлеп ұшқан қара шаңырағын қасиет тұтып жүрген түлекке университет басшысы Нұрлан Дулатбеков ерекше ризашылық білдіріп, алғыс хат табыстады.

Басқа материалдар

Back to top button