Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады
2022 жылдың 22 қарашасында кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қоғамдық бірлестіктер атынан Президент сайлауына 5 үміткер ұсынылды. Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталған болатын. Науқан 19 күнге созылады. Атап айтқанда, 11 қазан күні 18:00-ге дейін.
Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Осы уақыт ішінде Президент сайлауына 5 кандидат ұсынылды. Олар:
▫️ Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
▫️ Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
▫️ Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
▫️ Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;
▫️ Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 млн теңгені құрайды.
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.