Жаңалықтар

Теміртауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Теміртау маңында екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан екі ер адам қаза тауып, бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Орталық.кз ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше күндіз Теміртау-Қызылқой тас жолында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк тасығыш көлік қарсы жолаққа шығып, Газ-53 көлігімен соқтығысқан. Соңғысының жолаушысы мен жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. «1 тамыз күні сағат 12:50 шамасында Бұқар Жырау ауданында «Теміртау қ.-Қызылқой к.» автожолында алдын ала деректер бойынша SHACMAN жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 38 жастағы ер адамның басқаруындағы ГАЗ-53 жүк автомобилімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ГАЗ-53 жүргізушісі мен онымен бірге кабинада болған 21 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, аталған көліктің жас жолаушысы түрлі жарақаттармен Теміртаудағы медициналық мекемелердің біріне жатқызылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Басқа материалдар

Back to top button