Ресми

ТОЛЫҚ ТІЗІМ – САЙТТА

Келесі жылы 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіні белгілі. Бүгінде сайлауға дайындық жүргізілуде. Енді, облыс тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын осы мақсатта арнайы құрылған sailau09.kz сайтынан тексере алады.

Егер, интернет арқылы сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеру мүмкін болмаса, Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығына қоңырау шала аласыз. Операторға өзіңіздің ЖСН немесе жеке куәлігіңіздің номерін хабарлау қажет. Мұнда сіз тіркелген сайлау учаскесінің қайда орналасқандығы туралы ақпарат беріледі.

Сайт нұсқасында көру қабілеті нашар адамдардың да жағдайы ескерілген.

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарды азаматтық ұстанымдарын белсенді танытуға және алдағы сайлауға жауапкершілікпен қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жасқа толған азаматтар сайлау құқығына ие.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button