Жаңалықтар

Қарағанды қаласының әкімшілік сотының жаңа келбеті

Бүгін Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ғимаратындағы фронт-кеңсенің ашылу салтанаты өтті.
Шараға облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Мақсат Исин, сот төрағасы Алексей Ан қатысты.
Н.Шәріпов пен Е.Бөлекпаев күрделі жөндеуден кейін жаңартылған сот ғимаратымен танысты. Қайта жаңартудан өткен сот отырыстарының залдары мен судьялардың кабинеті жаңа түрге ие болды. Сотта 11 судья және 20 маман қызмет атқарады.
Сот бұрынғы режимде жұмысын қайта бастаған кезде, келушілер фронт-кеңсеге тап болады.
Онда азаматтардың жайлылығы үшін ақпараттық орталық, кіріс кеңсе, құқықтық қызмет көрсету үшін медиатор мен адвокаттың кабинеттері орналасқан. Сондай-ақ, “Сот кабинетін” еркін пайдаланып, өз-өзіне қызмет көрсету үшін арнайы аймақ бөлінген.
Айта кетейік, бұл ағымдағы жылдың басынан бері 9-шы және соңғы жылда Қарағанды облысы бойынша ашылған 23-ші фронт-кеңсе.

Басқа материалдар

Back to top button