Ресми

Өрт қауіпсіздігі өткір тұр

Қарағанды облысында ауа райы суыта бастағалы өрт оқиғалары жиілеп кетті. Облыстық әкімдікте онлайн режимде өткен аппарат кеңесінде аталмыш мәселе талқыға түсті. Аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды және тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттары тұратын жеке үйлерде алдын алу рейдтері мен датчиктер орнату жалғасатын болады.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Мұрат Қатпанов хабарлағандай, жоғары дәрежелі жылу және энергиямен қамтамасыз етудің барлық нысандары есепке алынды. Оларға тексерулер, сондай-ақ, тәжірибелік жаттығулар мен нұсқаулықтар кіреді.

Өрттің алдын алу үшін тұрғын үй секторында рейдтер мен аулаларды аралау жүргізіледі. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде 2299 улы газ датчигі орнатылған.

– Датчиктерді орнатуға барынша көмектесу керек. Әкімдерге осы жұмысты жандандыруды тапсырамын. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына және ереже бұзушылықтардың дер кезінде жойылуына бақылауды күшейту қажет. Барлық тәуекелдерді азайту керек, – деді Жеңіс Қасымбек.

***

Облыста «Сарыарқа – адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңсесі өз қызметін дамытуда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті бастамашы болған бұл жобаның мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау. Жұмыс мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын арттыруға бағытталған.

Жобалық кеңсе қызметінің тиімділігі мен ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері аппарат жиынында талқыланды.

– Қыркүйек айында атқарушы органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен бірлесіп, ауылдық округтердегі өзіне-өзі қызмет көрсететін нысандардың жұмысына талдау жүргізілді. Облыс бойынша олардың саны – 202.

Тексеру кезінде «құпия сатып алушы» әдісі қолданылды. Барлық жерде кеңесшілер жоқ немесе техникаға қол жеткізуде қиындықтар туындап жатқаны анықталды, – деді «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Малика Күсенбаева. Тексеру қорытындысы бойынша осы жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар берілді.

Қазан айында жобалық кеңсе оқушыларды қашықтан оқыту, коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық сияқты өзекті мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ, азаматтарға тұрғын үй қорынан пәтер беру, көгалдандыру және қоқыс жинауды қаржыландыру мониторингі жүргізілді.

Облыстың қалалары мен аудандарында мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту үшін сервистік әкімдіктер ашылды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек бұл жұмыс сапалы деңгейде жалғасуы тиіс екенін атап өтті.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмысын тұрақты негізде жүргізу қажет. Азаматтарды ақпараттандыруға мүмкіндігінше көп көңіл бөліңіздер. Жобалық кеңсенің қызметін ашық ету, ашықтық мәдениетін ілгерілету үшін көбірек жұртшылықты тарту қажет, – деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button