Қарағанды мемлекеттік университеті ҰБТ-ға онлайн дайындық курсын іске қосты

Ұлттық бірыңғай тестілеуге онлайн режимде тегін дайындалуға болады. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ашқан дайындық курсы талапкерлерге осындай мүмкіндік ұсынып отыр. 

Репетитормен онлайн-сабақтарға қатысу үшін осы жылы мектеп бітіретін түлектер және  мектепті бұрын бітіргендер азаматар өтініш  бере алады.

Пәндер бойынша кеңестерге университеттің   www.ksu.kz сайтындағы «2020 Талапкерлеріне» бөлімінде жазылуға болады. Сабақ қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Кеңес беру кестесі тіркеуден кейін қолжетімді болады. Бір түлек қосымша дәріс қажет деп санайтын төрт пәнді таңдай алады.
Кеңестер zoom онлайн-конференцияларына арналған платформада өтеді.

ҰБТ-ға тегін дайындық курстары туралы сұрақтарды 8-702-175-45-01 нөмірі бойынша қоюға болады.