ЖаңалықтарРесми

Семинардан да сеп бар

Агробіліктілік орталығының сарапшылары облыс шаруаларына кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен онлайн режимде тегін семинарлар арқылы дәріс берді. Дәріскерлер өндіріс ерекшеліктері, экономика және заңнамадағы жаңалықтар туралы мағлұматтармен бөлісті.

17968702 – young plants growing in a very large plant nursery in the france

Палатаның баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинарда жылыжайларда көкөніс өсіруден бастап, жем-шөп өндірісі мен жылқы шаруашылығына дейінгі түрлі мәселе қозғалды. «Дәрістерге ісін енді ғана бастаған 120 жас фермер қатысты. Олардың арасында «Бастау» жобасының түлектері де бар», – дейді палатаның баспасөз қызметі.

Семинар барысын қатысушылар да жоғары бағалап отыр. Дәріс кезінде жинақтаған ақпарат, деректерін алдағы уақытта істерінде қолданатындықтарын жеткізді. Бірқатар сұрақтарына семинардан жауап тауыпты.

– «Бастау» курсының соңында мен өзімнің жылыжай шаруашылығымды ашуға бел будым. Семинарда жұмыста көмегі тиетін көптеген мәліметтерді ойға түйдім. Дәріскерлер мысалға келтірген тәжірибеден аларымыз көп, – дейді кәсіпкер Елена Иванко.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button