Руханият

Мерейлі жыл межеленді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы қорытындыланып, облыстық ҚХА Кеңесінде салтанатты жиын өтті. Кездесуде ҚХА белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Берекелі істің басы-қасында жүрген белсенділерді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады.

– Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президент – Елбасының басшылығымен Қазақстан маңызды биіктерге жетті. Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлттық саясаттың өзегі. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыруды жалғастырамыз, онда біздің өміріміздің барлық салаларын реформалаудың ауқымды бағдарламасы белгіленген, – деді аймақ басшысы.

Қарағанды облысы – Қазақстанның көпұлтты аймағының бірі. Мұнда 100-ден астам этнос тұрады, 70-тен астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Облыстық ҚХА-да ғылымисараптамалық топ, аналар кеңесі және басқа да қоғамдық құрылымдар бар.

– Облыстық ҚХА-да көптеген игілікті істер мен қызықты бастамалар, әлеуметтік жобалар жүзеге асты, – дейді «Еврей мәдениетінің қарағандылық орталығы» ҚБ төрағасы Вилен Молотов-Лучанский.

Облыстық Ассамблея «Мың бала», «Қазақтану», «Болашақ үшін естелік» сынды мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси жобаларды жүзеге асыруда. Этномәдени бірлестіктер «Рухани жаңғыру» бағдарламасына да өз үлестерін қосуда және қайырымдылық акцияларына да үлес қосып келеді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Рымбала Омарбекова, аналар кеңесінің құрметті төрағасы Сәлима Нұрмағамбетова, «Дакия» румын мәдени қоғамы» ҚБ төрағасы Николай Плушкисті «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерейтойлық медалімен және «Polonia» Қарағанды облыстық поляк қоғамы ҚБ төрағасы Виталий Хмелевскийді ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған медальмен марапаттады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button