АймақҚарағанды

Қарағандыда тұрғын үйлерге жылу қашан беріледі?

Қарағандыда күз мезгілі бірден түсті. Қазіргі уақытта қыркүйек айы жылдағыдан өте суық және жаңбырлы ауа-райы сақталып тұр. Сондықтан тұрғын үйлер де қатты суып кеткен. Қала тұрғындары «Жылу қашан беріледі?» деген сұрақпен жиі мазалауда. Бұл сұраққа қала әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.

 

– Біріншіден, барлығын бірден қосу мүмкін емес, кемінде 12-14 күндік процесті алады. Екіншіден, бүгін тек қыркүйектің 13-і ғана, алда синоптиктердің айтуынша күн жылынады екен. Күн жылынған соң сіздер қайтадан жылуды өшіруді сұрайсыздар.️ ️

1 -қыркүйектен бастап «Теплотранзит» ЖШС магистральдық жылу желілерін толтыруға кірісті. Бүгінгі таңда Пришахтинск, Сортировка, төменгі Майқұдық тарату сорғы станцияларына дейінгі желілер толығымен толтырылған, Восток 5- тегі №8 сорғы станциясына дейін толтыру жұмыстары жалғасуда.

25 қыркүйекке дейін біз «жауынгерлік» дайындықта боламыз, бүкіл қаланың магистральдық желілерін толтырамыз.

Біз жылуды 1 қазаннан бастап бастауды жоспарлап отырмыз, бірақ қажет болса, 25 қыркүйекте қосуымыз да мүмкін, бәрі ауа-райына байланысты.

Дегенмен естеріңізге сала кетейін, алдымен біз ауруханаларға, балабақшаларға, мектептерге және т.б. әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге жылу береміз,- деді қала әкімі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button