Ресми

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

Аумақтық сайлау комиссиясының

құрамына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10 және 19-баптарына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қарағанды облысынан тыс жерге қоныс аударуына байланысты, Қарағанды облыстық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатура бойынша ұсыныстар қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.

Осы ұсыныстар облыстық мәслихатта 2020 жылдың 6 қазаннан 2020 жылдың 20 қазаны аралығындағы мерзімде қабылданады (дүйсенбі – жұма 9-00-ден 18-30-ға дейін).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Облыстық мәслихаттың мекен-жайы:

Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй.

Облыстық мәслихаттың хатшысы – Өтешов Серік Балғатайұлы.

Материалдарды жинауға жауапты: Тоқышева Гауһар Қайыржанқызы – облыстық мәслихаттың бас инспекторы, қызмет телефоны: 50-66-73, ішкі 6107.

Басқа материалдар

Back to top button