РесмиРуханият

Құрметті достар!

К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Мәдениет пен өнер өлкесіне алғашқы қадам – театр табалдырығынан бастау алады десек, руханият әлеміне лек-легімен сахна шеберлерінің келуі театрдың күрделі драмалық шығармаларды көрерменге асқан шеберлікпен ұсынуына мүмкіндік туғызды.

90 жылдық тарихында қалың көрермен қауымына мыңдаған қойылымдарын ұсынған театр репертуары әр кезеңде қаламгерлердің туындыларымен, әлемдік драматургияның озық үлгілерімен толығып, жаңарып отырды.

Тарихы тереңнен тамыр тартқан үлкен өнер ордасы ғасырға жуық мерзімде актерлік, режиссерлік шеберліктің шыңына көтерілген бірнеше буынды тәрбиелеп шығарды. Олар өнерсүйер қауым мен қалың жұртшылығымыздың мақтан тұтар тұлғаларына айналды. Бүгінде киелі өнер шаңырағы ел руханиятының өрісін кеңейтіп, Отандық мәдениет саласын одан әрі дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Театр ұжымы алдағы уақытта да заман талабына сай мазмұнды қойылымдар ұсынып, адамгершіліктің асыл қасиеттерін паш ету арқылы көрермендерді тәрбиелеуге өздерінің лайықты үлесін қоса береді деп сенеміз.

Құрметті театр ұжымы!

Мәңгілік ел болуды мақсат еткен еліміздің ой-мұратына қанат бітірер замана шындығын лайықты бейнелейтін кәсіби еңбектеріңізге жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.

Театрдың мерейтойы құтты болсын!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button