Жаңалықтар

Салтанатты ашылу өтті

2020 жылғы 24 желтоқсанда Қарағанды облысының Бұқар-Жырау және Қарқаралы аудандық соттарының ғимараттарында фронт-офистердің салтанатты ашылуы өтті. Оған судьялар мен сот қызметкерлері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, медиаторлар мен адвокаттар қатысты.
Аталған фронт-офистердің ашылуы азаматтарды қабылдау мен оларға қызмет көрсету үшін барынша қолайлы жағдай көп құрамды соттарда ғана емес, облыс орталығынан қашық орналасқан соттарда да жасалатынын айғақтайды.
Фронт-офистер халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттарын ескере отырып жабдықталған. Атап айтсақ, ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі жұмыс істейді, сондай-ақ адвокат пен медиатор кабинеттері орналасқан.
Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін фронт-офистер ұсынатын қызметтерді пайдалана алады.
Назарларыңызға Бұқар-Жырау және Қарқаралы аудандық соттарында фронт-офистердің ашылуынан фоторепортаж ұсынамыз.

Басқа материалдар

Back to top button