Руханият

Ерліктері ескерілді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий ИЛЬИН «Төтенше жағдай кезіндегі ерлігі үшін» медалімен Чернобыль АЭСіндегі қауіпті жоюға қатысқан қарағандылық ардагерлер Айдығали ЖАЗЫҚБАЕВ пен Бауыржан БЕЛДІБЕКОВТІ марапаттады.

– Атом қаупін жою кезінде көзге түскен жерлестерімізге үкіметтік марапатты «Чернобыль – зона отчуждения» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Баекенов табыс етті. Ол сол кездегі арпалысты жылдарды есіне алып: «сол кездің кері әсері – бірнеше рет инсульт алдым. Жасым әлі 57-де болса да, дәрігердің қабылдауында жиі боламыз. Қазір, иә күрделі кезең. Осы уақыт 1987 жылдарды есіме түсіреді. Ол кезде радиациялық қауіп болса, қазір – биологиялық. Қорғаныш костюмдерін, маскаларды күнде киіп жүрдік , – дейді Мейрамбек Кәрімұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Чернобыль апатының салдарын жоюға 30 мыңға жуық қазақстандық, оның ішінде 7 мыңдай адам Қарағанды облысынан жіберілген болатын. Солардың ерен еңбегін ел жадында қалуы үшін Марат Жүніс-Бек үлкен жұмыс жасады. Ол «Живой щит Чернобыля» кітабын жарыққа шығарып, оған ондаған тікелей қатысушының естеліктері, көптеген фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар енгізіліпті. Қарағандылық журналист Виктор Минин Припяттың маңына жіберілген жерлестеріміз туралы көптеген қызықты мәліметтерді жинады. Бұдан басқа, 2016 жылы тамызда облыс орталығының Жеңіс саябағында Чернобыль АЭС-індегі қауіпті жойғандарға арналған ескерткіш ашылды. 10 метрлік композицияның авторы – мүсінші Игорь Баграмов. Ескерткішке мынадай өлең жолдары жазылған: «Черный срез из нашей жизни, сколок в памяти моей. Стал когда-то тот Чернобыль черной болью для людей».

– Мен барлығын, әсіресе жас жігіттерді сол қорқынышты жылдағы оқиғаны ұмытпауға шақырамын. Өйткені, бұл «бейбіт атоммен» соғысқандардың моральдық және рухани қолдауы», – дейді Мейрамбек Баекенов. 

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button