Жаңалықтар

Өндіріс дамуы – билік назарында

Сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері облыс басшылығының тұрақты бақылауында. Бейнеконференция режимінде өткен кеңесте «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері биылғы жылы сатып алу жағдайы мен 2021 жылға арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

Кеңеске облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, өңірдің 50-ге жуық тауар өндірушілері қатысты. Компаниялар жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ, проблемалық мәселелер қаралды.

Өнеркәсіп және индустриялықинновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, облыс әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы меморандум аясында өңірдің 49 кәсіпорны 109 млрд. теңгеге тапсырыс алды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алдын ала және посттендерлік бақылау жүргізеді. Барлық салалар бойынша жағдай қадағалануда. Мониторингке сәйкес, мердігер ұйымдар жергілікті тауар өндірушілермен 27 млрд. теңгеге келісімшарт жасасты. Отандық тауар өндірушілердің құрылысмонтаждау жұмыстарына қатысуын құрылыс материалдарының жалпы сомасының 92%-ға дейін жеткізу мақсаты қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button