Жаңалықтар

Қант тапшылығы жоқ

Облыста қант тапшылығы жоқ. Көтерме сауда қоймаларында шекер қоры бар. Алдағы күндері тағы он вагон жеткізіледі деп күтілуде.Облыс әкімдігінде қант қаттығына қатысты шыққан дақпыртқа қатысты түсініктеме берілді.

– Таңертең көтерме саудагерлермен сөйлестік. Қазір олар барлық сауда нысандарына қант жібереді. Қоймаларда 500 тоннадан астам қалдық бар. Бұдан басқа, он вагон келе жатыр және тағы бес вагон қанттың ақшасы төленді, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева аппараттық кеңесте.

Ол тұрақтандыру қорында қант қоры жеткілікті екенін және азық-түлік корпорациясы өнім партиясын бөлетінін жеткізді.

– Негізсіз дүрлігу бар ел ішінде. Алайда, аймақта қантқа да, басқа тамақ өнімдеріне де қатысты проблемалар жоқ. Жағдайды ерекше бақылауда ұстауды сұраймын. Алыпсатарлық орын алған жағдайда мәселелерді жедел шешу керек, – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button