Аймақ

«Мектепке жол» жалпыұлттық акциясы аясында көрме өтеді

1 тамыздан бастап «Мектепке жол» жалпыұлттық акциясы басталды. Облыстық білім басқармасы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу үшін тұрғындарды осы шараға қатысуға шақырады.

 

Осы акция аясында 18-20 тамыз аралығында «GrandStore» сауда үйінде жергілікті жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің мектеп формасы, спорттық киім, оқу құралдары және т.б. көрмесі өтеді.

Көрмеде балаларға қажеттінің барлығын отандық өндірушілер

«BIZDIN FORMA» ЖШС, «Саран тігін-тоқыма фабрикасы Галекс Плюс» ЖШС, «ПИК Ютария ltd» ЖШС, «Казпротект» ЖШС, «СултанА» ЖК, «ESCO» ЖШС, «TEGAM» ЖШС, «TEMIRTAU ASSOCIATE AND ANCILLARYS» ЖШС кәсіпорындарынан қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Көрменің өтетін уақыты: 10.00-ден 20.00-ге дейін

Қарағанды қаласы, «GrandStore» сауда үйі, Бұқар жырау даңғылы, 86, 2 қабат, эскалатордың жанында. Кіру тегін!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button