Ресми

94 автокөліктен 309 адам құтқарылды

Облыс аумағында ауа райының күрт бұзылуына байланысты 3 қаңтардан бастап дауылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Төтенше жағдай қызметкерлері әлі де штаттық режимде жұмыс істеуде. Боранды күні облыстың 8 ауданындағы автожолдың 10 учаскесінде қар құрсауында қалған 94 автокөліктен 309 адам құтқарылып, жақын елді-мекендерге жеткізілді. Оның 61-і – бала.

Сурет: Облыстық ТЖД

– Аталған жағдайды бақылау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Штабы құрылды. Қазір де уақытша жылыту пункттері мен эвакуациялау жұмыстарына жұмылдырылатын техникалар сақадай-сай.
Ағымдағы жылдың 3-5 қаңтар аралығында 22 апаттық құтқару жұмыстары жүргізілді. Апаттық құтқару жұмыстарына ТЖ, Полиция департаменттерінің, Жергілікті атқарушы органдары мен «ҚазАвтожол»АҚ-ның техникалары жұмылдырылды, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Ақерке Қазбек.
Қарағанды облысының аумағында әлі де дауылды ескерту жалғасуда. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындардан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады. Сондай-ақ, жабық жерлерде жолдарда көлік кептелісін жасамауға, мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде және жол бойындағы шайханаларда болуға шақырады.
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ұсынылады. Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button