93 жастағы әже «Күй керуені» экспедициясы қатысушыларын таң қалдырды
Қарағанды облысында «Күй керуені» музыкалық-этнографиялық экспедициясы мәресіне жетті. Оның қатысушылары облысымыздың 9 ауданын, сондай-ақ Балхаш, Жезқазған, Қаражал, Сатпаев қалаларын аралап шықты. Экспедицияның қорытындылары туралы экспедицияның жетекшісі, «Шертпе күй» орталығынң негізін қалаушы профессор Қайролла Садуақасов айтып берді.
– Экспедиция 24 басталғанына қарамастан бізге уақыт жетпеді. Облыс тұрғындарының арасында дарынды адамдар өте көп екен. Сондықтан, біздің жұмысымызда өте көп болды. Экспедиция барысында көптеген фольклорлық шығармаларды, қолөнерімен айналысатын, бұл рухани мұраны сақтайтын біздің көптеген апаларымызды және ақсақалдарымызды көрдік, – дейді Қайролла Садуақасов.
Ол сондай-ақ, экспедиция қатысушылары олар күйлер мен термелерді кәсіби ойнайтын, 80-90 жастағы ақсақалдармен кездескенін айтты. Сонымен қатар, олардың ешқайсы нота жағынан сауаттылықтары жоқ.
– Қарқаралы ауданында бізді жергілікті тұрғын Нәсипа әже таңқалдырды. Ол кісінің жасы 93-те, сол жасына қарамастан «Еңлік-Кебек» поэмасын, көптеген сыңсу мен жоқтауларды, сонымен қатар жаңылтпаштарды жатқа біледі екен, – деді экспедиция жетекшісі.
Нұр-Сұлтаннан келген өнертанушы доктор, Ұлттық мұражайдың аға ғылыми қызметкері Ардаби Маулитулы да экспедицияға қатысты. Ол мұндай ауқымды зерттеу жұмыстары Қарағанды облысында алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.
– «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасы басталғаннан бері, мұндай толыққанды экспедиция дәл біздің облысымызда алғашқы рет өткізіліп отыр. Біз Қарағанды облысының барлық аудандары мен қалаларын аралап шықтық. Осы уақыттың ішінде жергілікті Халық шығармашылығының орталығы өте үлкен жұмыс атқарды. Біз музыкалық мұра мен фольклордың көптеген үлгілерін жинай алдық. Барлық жиналған материалдарды біз зерттеп-зерделеп жатырмыз. Олар Ұлттық мұражайдың қорында сақталатын болатынын, – айтты Ардаби Маулитулы.
Экспедиция қатысушылары 1000-нан астам күй мен 60-тан астам ән, ертегі, аңыздарды жинап, сонымен қатар халық қолөнерімен таныса алды. Облыс тұрғындары зерттеушілерге жеке мұрағатта жатқан заттарын берді. Оның бір мысалы, журналист, өлкетанушы Қуандық Саденов өзінің аудиожазбаларын ұсынды. Сонымен қатар, Қытайдан, Монголиядан және Өзбекістаннан келген оралмандардан музыкалық мұраның үлгілері де жиналды.
Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаевтың сөзіне сүйенер болсақ, барлық жиналған материалдар халыққа жария болады.
– Жылдың соңыда, барлық жиналған материалдарды зерттеп, зерделегеннен кейін біз дисктер жинағын шығаратын боламыз. Сондай-ақ, барлық музыкалық материалдарды антологияға жинастырып жатырмыз, 2020 жылы шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Жинақтар кітапханаларға, музыкалық колледждер мен мектептерге беріледі – дейді Еркебұлан Ағымбаев.
«Күй керуені» экспедициясын болашақта тағы өткізу жоспарлануда. Ол Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған еді. Онда Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтардың рухани байланысын нығайтатын ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі, ұлттық сана сезімнің негізі екенін баса айтты.
Экспедицияның құрамына бес адам кірді. Бұл филология ғылымдарының докторы, ҚарМУ профессоры және Қарағанды облысындағы шертпе күй мектебінің негізін қалаушы Қайролла Садуақасов; филология ғылымдарының докторы, КарМУ профессоры Берік Рахимов; өнертанушы доктор, Ұлттық мұражайдың аға ғылыми қызметкері Ардаби Маулитулы; «Арқа ақшамы» газетінің корреспонденті Бек Ықлыласов және бейне оператор Еркебұлан Елтай.