ЖаңалықтарРесми

90 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Теміртауда 90 отбасы баспаналы болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үйдің кілттерін қала әкімі Ораз Тәуірбеков тапсырды.

– Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі біз үшін басым міндеттердің бірі болып табылады. Биыл біз өз жоспарымызды орындадық. 200-ден астам пәтер пайдалануға беріліп, олардың кілттері табысталды, – деді Ораз Тәуірбеков.

Бес қабатты үй 4а орамында орналасқан. Алты кіреберісте 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер орналасқан.

– Мен пәтер алатынымды естігенде керемет қуандым. Баспана алуға 10 жыл кезекте тұрдым. Бұған дейін балаларыммен бірге біресе туысқандарымыздың үйінде, біресе пәтер жалдап тұрдық. Үйіміз жақсы, барлығы жақын: мектеп, дүкен, аялдама, – дейді Жансұлу Көшмаханова.

Үш бөлмелі пәтер Светлана Романюктің де отбасына бұйырды. Ол 14 жылдан астам уақыт кезекте тұрған.

– Мен анда-санда еgov.kz-ке кіріп, кезектің қаншалықты жылжып жатқанын тексеріп отыратынмын. Төртінші болғанымды көргенде, пәтер аламын деп үміттендім. Мен бес бала тәрбиелеймін, олардың екеуі ерекше. Жалдамалы пәтерлерден көшіп-қонып жүру қиын болды. Ақтауда да, Теміртауда да, Сұрыптауда да пәтер жалдап тұрдық. Енді міне өз баспанамыз болады, – дейді Светлана Романюк.

Бүгінде Теміртауда 2700-ге жуық адам тұрғын үй алуға кезекте тұр.

gov.kz

Басқа материалдар

Back to top button