Ресми

90 мың азаматтың құқығы қорғалды

Биыл прокурорлар үш мыңнан астам кəсіпкердің құқығын қорғап, жалпы сомасы 97 млн. теңгеден астам қаржыны қайтарды. 119 қадағалау актісін рəсімдеді. 33 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Екі кəсіпкерге елден шығуына қойылған негізсіз шектеулер жəне алты кəсіпкердің мүлкіне заңсыз салынған тыйымдар алынып тасталған. 10 кəсіпкердің құқығы қорғалып, заңсыз қозғалған қылмыстық істер легі тоқтатылды. Нəтижесінде кəсіпкерлерден түсетін арыз-шағым саны 40%-ға кеміген. Бұл деректерді облыс прокуратурасы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс барысы һақында өткен брифингте жария етті

прокурорлар

Активтерді қайтаруда жалпы құны 51 млрд. теңгені құрайтын 18 кəсіпорын жекешелендірудің кешенді жоспарынан шығарылды. Заңсыз пайдалануға берілген 37 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Салық есептілігінде 2,9 млрд. теңгеге капитал шығарғанын жасыр ған 20 кəсіпорын анықталып, жауапкершілік арқалады.

– Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда қадағалаудың барлық бағытында оң көрсеткіштер байқалады. Бастысы, қылмыс 20%-ға азайды. Бірде-бір ақтау үкімі шығарылған жоқ. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу жайттары бес есе кеміді, – деп мəлімдеді облыс прокурорының міндетін атқарушы Виталий Шабер.

Спикердің айтуынша, қадағалау актілері арқылы 911 млн. теңге өндіріліп, оның 640 млн. мемлекет кірісіне, жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгелік мүлік қайтарылған. Өндіріп алынған əкімшілік айыппұлдар 130 млн. теңге шамасында.

5 млрд. теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алулар тоқтатылған. Ден қою шараларымен 90 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалған.

Қадағалау амалдары турасында облыс прокурорының орынбасарлары баяндама жасады. Еске салып өтелік, азаматтардың əлеуметтік хақыларын, экономикадағы заңдылықты сақтауға, кəсіпкер құқықтарын қорғауға, қылмысқа қарсы тұруға, азаптаудың алдын алуға, өзге салаларда да заңдылықтың орындалуын қадағалау прокуратураның негізгі міндеттерінің қатарынан.

Өз кезегінде БАҚ өкілдері қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу, аты шулы қылмыстық істерді тергеу, Қарағанды облысының колонияларында бейнебақылау камераларын орнату барысы бойынша қадағалау органының жұмыс нəтижелері туралы өзекті сауалдар қойып, тиісінше жауап алды.

Кездесу соңында Виталий Николаевич журналистерге нəтижелі жұмыстары үшін ақжарма алғысын білдіріп, облыс прокуратурасы өз қызметі туралы халықты хабардар ете отырып, БАҚ қоғамдастығымен бірлескен жұмысқа үнемі даяр екендігін жеткізді.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button