Жаңалықтар
Қаңтар оқиғасы: Сенат рақымшылық туралы Заңды қабылдады
Жалпы рақымшылық 1500-ге жуық адамды қамтиды. Негізінен олар – заңсыз үгіт-насихатқа еріп, ұрлық, бүлік, өртеу жасағандар. Оның ішінде 1 112 адамға сот үкімі шығарылды. Басқаларының істері тергеу сатысында. Рақымшылық сотта да, тергеуде де қолданылады.