Бас тақырыпРесми
«9-20-25» ипотекасы қашан іске қосылады?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Роман Склярдың айтуынша, бағдарлама 2024 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылады.
– Бұл бағдарлама «Отбасы банкпен» республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске қосылады, бұл мәселе пысықталды және белгіленген мерзімде жүзеге асырылады, – деп сендірді Роман Скляр.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА