Облыс әкіміРесми

Татар елімен тығыз байланыс

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН мен Татарстан Президенті Рустам МИННИХАНОВ автомобиль жасау бойынша үш жобаны жолға қойды. Жобалардың бірі Қарағанды облысында жүзеге асырылады. Бүгінде облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК «Татнефть» ЖАҚ басшылығымен Саран қаласындағы бұрынғы РТБ зауыты аумағында жаңа кәсіпорын салу бойынша инвестициялық меморандумға қол қойды.

Автомобиль шиналарын шығару жобасы 2022 жылы іске қосылады деп күтілуде. Жоспарлы қуаты – жеңіл техникаға арналған 3 миллион шина және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шина. Инвестицияның жалпы көлемі, шамамен, 111 миллиард теңгені құрайды. Жоба аясында мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты тәжірибелік кеңеюін айғақтайды, – деп атап өтті Асқар Мамин.

Қарағанды өндірісінің өнімі Қазақстанда шығарылатын автомобильдердің бастапқы жиынтықтамасына, қайталама нарыққа, сондай-ақ, жақын шет елдерге экспортқа жіберілетін болады.

Облыс билігі инвесторға Саран қаласының индустриялық аймағының аумағында газ шығарып, қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, жер телімін береді.

Естеріңізге сала кетейік, Саран қаласында «QazTehna» ЖШС автобустар мен арнайы техниканың жаңа түрін шығару бойынша тағы бір зәкірлік жоба жүзеге асырылуда. Бұл өндірістерді іске қосу моноқалаға серпін беріп, облыс экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button