Жаңалықтар

Биылғы жылы анықтамалардың 25 түрі құжат айналымынан шығарылады

2020 жылы анықтамалардың 25 түрі құжат айналымынан алынып тасталады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

– Осы жылы басшылық алдымызға мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды 90%-ға дейін жеткізу бойынша өршіл міндеттер қойды. Біз бұл мәселені барлық мемлекеттік органдармен пысықтап жатырмыз, жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Біз мемлекеттік қызметтерді автоматтандырып қана қоймай, олардың кейбіреулері, атап айтқанда мекенжай анықтамаларын бір мемлекеттік органнан екіншісіне талап ететіндіктен алып тастаймыз, – деді Асқар Жұмағалиев халықпен есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, осы қызметтің және ақпараттық жүйелерді ықпалдастырудың арқасында осындай бес анықтама құжат айналымынан алынып тасталды.

– Биылғы жылы тағы да 25 анықтама түрін алып тастау және сол арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесінде азаматтың өмірін жеңілдету жоспарлануда, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қызметтерді ұсына отырып, “халыққа жақын болуға” көмектесетін электрондық үкіметтің мобильді платформасына тоқталды. Бұл порталда бүгінгі күні қызметтің 60 түрі шоғырланған.

– Бүгін біз Telegram-ботты белсенді түрде ілгерілетудеміз, ол 26 қызмет пен сервисті жинақтап, халыққа тиісті қызмет көрсетеді. Бұл ретте біз ұялы телефон арқылы “қалтадағы ХҚКО” қызметін дамыту өте дұрыс екенін түсінеміз. Біз бұл идеяны мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде азаматтарға барынша жақын болу үшін ілгерілететін боламыз, – деді ол.

inform.kz

Басқа материалдар

Back to top button