Теміртауда №2 емхананың қызметкерлері коронавирус жұқтырған

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелген еді. Олардың төртеуі Теміртау қаласындағы №2 емхананың қызметкерлері. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты мәлімдеді.

Бүгін, 13 сәуірде медициналық мекеме жабылды. Тек, шұғыл қабылдау кабинеті ғана өз жұмысын жалғастыруда. Ал, өзге пациенттер қажет болған жағдайда қаланың басқа емханаларына жіберіледі.  

Емхана ғимаратына дезинфекция жұмысы жүргізіліп, барлық қызметкерлер тексеруден өтті. Қала тұрғындары медициалық көмекті   «Теміртау қаласының №1 емханасы» КМК және «Теміртау қаласының №4 емханасы» КМК алады. Сондай-ақ, жақын арада қалада Елбасының тапсырмасы бойынша салынған жаңа емхана іске қосылады.

№2 емхана жұмысы бойынша барлық сұрақтарды call-орталыққа (8-7213) 44-78-88 нөмірі бойынша қоңырау шалып қоюға болады.