Жаңалықтар
Елімізде әуе билеті 27 пайызға қымбаттады
Қазақстанда әуе қатынасы 27 пайызға қымбаттады деп хабарлайды «Finprom.kz» зерттеу орталығы. Оның ішінде, әсіресе, халықаралық рейстердің құны артқан. Оған доллар мен еуроның көтерілуі және Украинаны айналып ұшу сынды факторлар әсер еткен.
Биыл ұшақ билеттеріне сұраныс көп. Жыл басынан шілдеге дейін әуе көлігімен 6 млн. адам тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Тиісінше, билет те қымбаттады.
Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.