Қарағанды облысында жылу беру маусымы қашан аяқталады?
Аймақта жылу беру маусымы аяқталуға жақын. Қаражал және Приозерск қалаларында қазірдің өзінде жылу беру доғарылды. Облыстың басқа қалалары мен аудандарында жылу кесте бойынша тоқтатылады.
Жоспар бойынша, аймақтың барлық өңірлерінде жылу беру жүйесі 1 мамырға дейін өшірілуі тиіс. Ол үшін даладағы ауа температурасы қатарынан бес күн бойы 8 градустан жоғары болуы тиіс.
Жылыту маусымы шамамен қай күндері аяқталады?
Қарағанды – 1 мамыр;
Балқаш – 17 сәуір,
Жезқазған – 17 сәуір;
Саран – 20 сәуір;
Сәтпаев – 1 мамыр;
Теміртау – 20 сәуір;
Шахтинск – 21 Сәуір;
Абай ауданы – 1 мамыр;
Ақтоғай ауданы-15 сәуір;
Бұқар жырау ауданы – 15 сәуір;
Жаңаарқа ауданы – 1 мамыр;
Қарқаралы ауданы – 15 сәуір;
Нұра ауданы – 16 сәуір;
Осакаров ауданы – 1 мамыр;
Ұлытау ауданы – 15 сәуір;
Шет ауданы – 20 Сәуір.