Ресми

Ұлытау ауданында сайлаушылар белсенділігі жоғары

Ұлытау ауданында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы аясындағы дауыс беру үдерісі барлық сайлау учаскелерінде белгіленген мерзімде басталды.

Аудан бойынша кент, селолық округтерде орналасқан 30 сайлау учаскесі бар. Оның 8-і – білім беру мекемелерінде, 12-і – мәдениет ошақтарында, 1-і – колледж ғимаратында, ал 9-ы шағын елді мекендерде орналасқан. Олардың барлығында санитарлық талаптарға ерекше мән беріліп, тиісті құралдармен (бетперде, қолғап, антисептик, халаи және тағы басқалары) жеткілікті деңгейде қамтмасыз етілген.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 150 мүше бар. Сайлаушылар саны – 7 344 адам,оның ішінде 561 адам – мүмкіндігі шектеулілер санатында.

Сайлаушылар белсенділігі дауыс беру учаскелері ашылған сәттен айқын аңғарылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button