Ресми

Сайлауға дайындық – қызу

Сайлаудың аяқталуына бір аптадай уақыт қалды. Үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Дәурен ҚУАНЫШЕВ, Сәния БОРАНҚҰЛОВА мен Есжан ӘМІРОВ қала тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаларымен таныстырды.

Дәурен Қуанышев кезекті үгіт-насихат жұмыстары барысында Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамымен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, негізгі басым бағыттарын атап айтты. Сондай-ақ, 5 жыл ішінде білім беру саласын дамыту жолын саралап, оқытушылар құрамымен алдағы уақытта болатын өзгерістерді талқылайтынын жеткізді.

Аталмыш бағдарламаның екінші басым бағыты – дені сау интеллектуалды ұлт қалыптастыруға негізделген. Ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру шеңберінде түрлі жүйелік шаралар әзірленуде.

Жыл басынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өспек. Осы айтылған мәселені іске асыруға алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінбек. Сонымен қатар, 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қолға алу міндеттелді. Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа толқынын даярлауға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, яғни, білім берудің барлық деңгейінде оқытылатын болады. Балаларды спортқа, дене шынықтыруға баулуға басымдық беріледі. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу жоспарланған. Және жас буынның шығармашылық пен қолөнер негіздерін меңгеруі үшін үйірмелердің жұмысы қайта жаңғыртылмақ. Жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етпек. Және «Жас ғалым» жобасы шеңберінде жас зерттеушілерге ғылыми зерттеулер үшін 1000 грант ұсынылады.

– Барлық деңгейдегі білімнің қол жетімділігін арттыру үшін партия көрсетілген нысандарға басты назар аударады. Мысалы, 2025 жылға қарай ҰБТ-дан 100 балдан жоғары жинаған студенттер санын 10% -ға көбейту. Және жыл басынан бастап бастауыш сынып оқушыларын кезең-кезеңімен тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға аламыз. 2400 орынға арналған 4 жаңа мектеп салу да жоспарда бар. Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсету, яғни, ақысыз жол жүру, компьютермен, кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Жоспар көп, алдағы уақытта білек сыбана іске кірісеміз, – дейді Дәурен Шалабайұлы.

***

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Сәния Боранқұлова да қаладағы педагог әйелдермен және Жастар ресурстық орталығындағы қаламыздың шығармашыл жастарымен кездесті. Үміткер қатысушыларға партияның «Өзгеру жолы: әрқайсына лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын, сондай-ақ партияның Қарағанды қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды елдің дамуы үшін маңызды міндет екенін атап өткен еді. Және бизнестегі әйелдердің әлеуетін іске асыру қажеттігін алға тартқан. Бүгінде ел арасында іскер әйелдің және нақ осы бизнес ортадағы бейнесі нығайып келеді.

– Бүгінгі таңда әйелдер 6 мыңнан астам бизнес субъектілерін басқарады. Кәсіпкерлердің 35 мыңнан астамы – қыз-келіншек. Олар өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуда. 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын – 50 мың, жұмыскерлердің санын 150 мың адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ал, өнім шығаруды 15,5 триллион теңгеге дейін арттыру қажет, – деді Сәния Боранқұлова.

Кәсіпкерлікпен белсенді айналысатын әйелдердің саны ел аумағында, өңірде қарқын алып келеді. Әрі қарай дамыту көзделіп отыр. Бұған «Бизнестің жол картасы», «қарапайым бұйым экономикасын» дамыту бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында іске аспақ.

Ал, үміткер жастармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы, оның ішінде Қарағанды қаласында «Жастар қаласы» бағыты бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы кеңінен таратып айтты. Партия жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, олардың шығармашылық және іскерлік әлеуетін ашуға жағдай жасауға күш салмақ. Ашық мәліметтерге сүйенсек, қаланың 100 мыңнан астам тұрғыны жастар екен. Бұл – жалпы тұрғынның 20% –ы. Мәдениет мекемелерінде әр түрлі бағытта 170 клубтық формация жұмыс істейтін көрінеді.

***

Қалалық маслихаттың депутаттығына үміткер Есжан Әміров, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, мәдениет саласының қызметкерлері мен Октябрь ауданының тұрғыны Бақыт апайдың отбасында болып қайтты. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, жоспарымен бөлісті.

– Сайлауға дауыс беруге міндетті түрде барамын. «Жоғарғы билік халықтың айтқанын тыңдасын» деп Мемлекет басшысының берген пәрмені, көпшілікке ой салды. Әрі, қолға алған бастамалардың нәтижесін күтемін, – дейді Бақыт апа.

Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі – балалар көретін хабарлар. Орыс тіліндегі кейбір мультфильм мен басқа да барғдарламалар қазақ тіліне сауатсыз аударылып жатыр. Үкімет алдына қойылатын талаптың бірі осы десек, артық айтқандық емес шығар. Теледидар – тәрбие құралы. «Көк жәшік» арқылы өскелең ұрпақ тәрбие алады. Балалардың қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмай жатқандығы да осы мәселеге келіп тіреліп тұр. Біздің аудармамыз – адам күлерлік жағдайда. Өзім кино түсіретін жігіттермен кездесіп, осы мәселені айтқан едім. Мысал келтірсем, кішкентай қыз баланың дауысын, үлкен әйел дыбыстайды. Ол баланың дауысы емес – жасанды болып естіледі. Орыс тіліндегі түрлі мультфильм сапалы. Ал, қазақ тіліне аударғанда, кемшін тұсы жетерлік. Балаларға арналған түрлі мультфильм шығарып жатыр. Бірақ, аударманың күйі осы, – дейді Есжан Әміров. «Сондай-ақ, қалада шығармашылық адамдарының орталығы облыстық деңгейде болғанымен, қалалық деңейде жоқ. Мысалы, әншінің бәрін той болғанда іздейміз. Ал, осылардың басын қосатын орталық болса, қандай жақсы болар еді?! Бұл бастамаға қызығушылық танытып жатқандар көп. Бірақ, бас қосатын жер таппай қалады. Алдағы уақытта қолға аламыз, – дейді ол.

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы

Қарағанды қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button