Ресми

Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!

Сіздерді ізгі мереке – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекетіміздің саясаты Қазақстан Республикасындағы қарияларымыздың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Ол үшін 2018 – 2020 жылдарға арналған аға буын азаматтардын өмір сапасын арттыру бойынша кешенді жоспар құрылды.

Қазақстанда жыл санап, әлеуметтік төлемдердің көлемі артуда, сонымен қатар денсаулық сақтау саласына заманауи технология қарқынды енуде. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің де материалдық базасы жаңартылған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Қарияларды ата – аналарыңды құрметтегендей құрметтеңдер, өткеннің ең жылы сәттеріндей бағалаңдар, сол кезде өмір сендерге өз бағасын береді» деп атап өткен. Толыққанды азаматты тәрбиелеу, үлкенге сыйластық танытудан басталады. Өткен тарихпен салт-дәстүрді құрметтеп, даңғыл болашақ пен кемел қоғам құруға болады.

Қарағанды қаласының бүгінгі жетістігі – бұл аға буынның көп жылдық қажырлы еңбегінің жемісі. Сіздер қаламыздың индустриалдық қуатын қалыптастырып, дамудың берік іргесін қаладыңыздар.

Бүгінгі күн – сіздерге, яғни, ата-аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз бен көп жылғы еңбектеріңіз және мейірімділіктеріңіз бен ақыл кеңестеріңіз үшін алғыс айтуға үлкен мүмкіндік.

Қарияларымыздың көбісі егде жасқа жеткендеріне қарамай, белсенді өмірлік ұстанымдарын сақтап келеді. Сіздер бүгінгі күнде де өндірісте, қоғамдық мекемелерде қызмет атқарып, жас ұрпақтың тәрбиесіне өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер.

Құрметті ардагерлер! Ардақты аға буын өкілдері!

Шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, жақсы көңіл-күй, ұзақ ғұмыр мен отбасыларыңызға амандық тілейміз. Үлкендерге құрмет көрсету, әрқайсымыздың күнделікті міндетімізге айналсын.

Е.Бөлекпаев,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button