Ресми

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Қарағанды облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қарағанды облысынан тыс жерге қоныс аударуына байланысты, Қарағанды облыстық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатура бойынша ұсыныстар қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.

Осы ұсыныстар облыстық мәслихатта 2020 жылдың 5 қарашадан 2020 жылдың 20 қарашасы аралығындағы мерзімде қабылданады (дүйсенбіжұма 9:00-ден 18:30-ға дейін).

І. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ Облыстық мәслихаттың мекенжайы: Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Балғатайұлы Өтешов.

Материалдарды жинауға жауапты: Гауһар Қайыржанқызы Тоқышева – облыстық мәслихаттың бас инспекторы. Қызмет телефоны: 50-66-73, ішкі 6107.

Басқа материалдар

Back to top button