Ресми

Ашық әңгіме өзегі – әлеуметтік мәселе

«ADAL» саяси партиясының Қарағанды облысындағы филиалының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Филиал төрағасы Мүбарак Хасенов және мүшелері сайлауалды бағдармаларды тұрғындарға түсіндіруге кірісті. Қалалар бойынша, аудан, ауылдарда үгіт-насихат жүргізуде. Сонымен қатар, Қарағанды облысында «ADAL» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаеваның жергілікті тұрғындармен кездесулері өтті.

Партия өкілдері Осакаров ауданының агроөнеркәсіптік секторының жұмысшыларымен, Теміртау қаласының студенттерімен және бизнесмендерімен, Қарағанды жұртшылығымен, сондай-ақ кеншілер қаласының жастарымен және педагогтарымен кездесті. Осакаров ауданындағы кездесу партия бағдарламасын түсіндіруден және азаматтар үшін қолжетімді сервистермен танысудан басталды. Ашық диалог барысында кент тұрғындары өздерінің әлеуметтік мәселелерімен бөлісті.

Партияның сайлауалды бағдарламасының жобасында барлық азаматтың лайықты өмір сүруі, кәсіпкерлікті жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі, өңірлерді дамыту үшін ашық мемлекет құру сынды бес негізгі бағыты ұсынылды.

Партияның басты құндылығы мен мақсаты – адам, Қазақстан азаматы, оның қажеттіліктері, мәселелері, құқықтары мен әділдігі.

Тұрақты жұмыс пен табыс – азаматтардың әл-ауқатының маңызды шарты. Сондықтан, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату үкімет және әкімдіктер жұмысының басты өлшемі болуы тиіс. Жүргізілмек әлеуметтік-экономикалық саясаттың нәтижесі өзінің әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайына көңілі толатын қазақстандық болуы керек.

Айта кетсек, 2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылған еді. Ал, 2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» атауы «ADAL» болып өзгерді. Партияның Саяси кеңесі мүшелерінің құрамында Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмазбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Мәлікова және Мұрат Қожамқұлов бар.

Одан бөлек, «Adal» партиясының жаңартылған сайты таныстырылды. Adalpartiyasy.kz тек өзекті ақпараттарды жарияламайды, тіркелген пайдаланушыларға мемлекетті басқаруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Осы міндеттер үшін «ADAL» партиясы 5 сервиспен таныстырды: өңірдің ең өзекті мәселелерін көруге мүмкіндік беретін «Сіздің аймағыңыздың мәселесі», пайдаланушыға ерекшелігі бойынша жұмыс ұсынылатын «Жұмыс іздеу», өңірлердің қажеттіліктерін талдап, әр өңірдің бизнесі үшін тауашалар тізімі ұсынылатын «Сіздің аймағыңызға арналған бизнес-идеялар», аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін жасалған «Әлеуметтік лифтілер». Ата-аналарға баласына болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін Bagdar.kz. Бұдан басқа, сервисте 694 мамандық бойынша ақпарат, кәсіптің егжейтегжейлі сипаттамасы, жұмыс ерекшеліктері және сол сияқты 500 кәсіби бағдарлама ұсынылған.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button